Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
«Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін жаңарту мен жаңғырту» тақырыбындағы баспасөз турына арналған баспасөз-мәлімдемесі
19.11.2013
Бүгін Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Батыс су арнасы» ЖШС нысандарына барумен «Нұр-Отан» ХДП, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен «Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін жаңарту мен жаңғырту» тақырыбында баспасөз турын өткізуде. «Батыс су арнасы» ЖШС жаңғыртудың бағдарламасын басшылыққа ала отырып, «Грюндфос» неміс  компаниясымен шығарылған, 4 сорғыдан тұратын сорғы стансасын жеткізуге «Акватория-Ақтөбе» ЖШС шартқа отырды. Бұл сорғы стансалары «Променад» сауда үйі мен «Самал» шағын ауданындағы тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Жалпы қуат ресурстарын тұтыну көп жағдайда сорғы жабдықтарына тәуелді екенін ерекше атап өтуге болады. Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін арттыру үшін сорғы жабдықтарын пайдалану құнын азайту, оның сенімділігін және төзімділігін  арттыру қажет. Осылайша, барлық технологиялық процестердің барлық ерекшеліктерін ескерумен жаңғырту талап етілді. Сумен қамту және суды қайтару саласында өндірілетін барлық қуатты  тұтынудың 50% сорғы стансасына тиесілі, оның ішінде 85% дейінгі сорғы стансасын пайдалану шығынын электр қуатының шығыны құрайды. Автоматтандырылған электр жетегі жүйесін енгізу электр қуатын үнемдеуді, жабдықты пайдалану ресурсының 1,5-2 есе өсуін қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, 2014-2016 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі-ескірген жоғарылатқыш сорғы стансаларын жалпы сомасы 77 млн теңгеден асатын ұқсас сорғы стансаларға ауыстыру болып табылады. Электр қуатын үнемдеу шамамен 50% құрайды деп күтілуде. Қазіргі таңда жаңа сорғы станса жұмысының нәтижесінде электр қуатын 50% дейін үнемдеуге қол жеткіздік.   «Батыс су арнасы» ЖШС баспасөз қызметі