Хабарландырулармұрағат
-
02.08.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2022 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
-
28.04.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2021 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
-
28.12.2021
ҚҰРМЕТТІ ТҰТЫНУШЫЛАР!!!
-
06.08.2021
«Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі келесі бос жұмыс орындарына жұмысқа шақырады:
-
05.08.2021
2021 жылдың 1 жарты жылдығына "Батыс су арнасы" ЖШС ағынды суларды тазарту мен бұру жөнінде реттелетін қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуы
Болашақтағы жобалар
Кәсіпорында төмендегідей болашаққа арналған бағдарламалар әзірленген: Жаңғырту бағдарламасы, Даму бағдарламасы, 2014-2016 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар, олар келесілерді қамтиды:
- Жалпы ұзындығы 111,7 шақырымды құрайтын, пайдалану мерзімі асып кеткен әртүрлі диаметрлі сумен жабдықтау жүйесі су құбырларының тұрбаларын полиэтиленді тұрбаларға ауыстыру.
- Жалпы ұзындығы 54,174 шақырымды құрайтын, пайдалану мерзімі асып кеткен әртүрлі диаметрлі суды бұру (кәріз) жүйесі су құбырларының тұрбаларын ауыстыру.
- Жоғары пайдалы әсер коэффициентімен, бағдарламалық-реттелетін электр жетегі, бір қалыпты іске қосу құрылғысы бар сорғыларға ұңғымалардың, су тазарту құрылыстарының, жер асты су тартқысының, көтергіш сорғы стансаларының және кәріздік тазарту стансаларының сорғы жабдықтарын жаңғырту.
- GPRS бойынша SCADA мониторинг жүйесінің базасында сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерін автоматтандыру және диспетчерлеу.
- Есептегіш құралдарды ауыстыру және орнату.
- «Батыс су арнасы» ЖШС электрмен жабдықтаудың энергетикалық жүйесін жаңғырту және қайта жаңғырту.
- Жер асты суларының Орал кен орнында суды деманганизациялау.