Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Шағын ХҚКО ашылуы жөніндегі баспасөз-мәлімдеме
19.11.2013
Орал қаласында коммуналдық қызмет көрсетудің негізгі жеткізушілерінің кассалары енді «бір терезе» қағидасы бойынша орналасатын болады. «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2013 жылғы 4 шілдеден бастап қаламызда коммуналдық қызмет көрсетуді жеткізушілерден бірінші шағын халыққа қызмет көрсету орталығы ашылғанын назарларыңызға салады. Қаламыздың көптеген тұрғындары  "бір терезе" қағидасы бойынша коммуналдық төлемдерді бір жерде төлеу мүмкіндігі туралы өздерінің тілектерін білдіріп келуде. Тұрғындардың тілектерін назарға ала отырып, сонымен қатар, "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қатысуымен біздің кәсіпорын Т.Масин көшесі, 48  мекенжайында орналасқан өз кассасының үй-жайына күрделі жөндеу жүргізді. Ол жөндеуден кейін тұрғындар үшін өзінің есігін айқара ашты.  Қазіргі таңда осы мекенжайда "Батыс су арнасы" ЖШС, "Жайықжылуқуат" АҚ, "Батысэнергоресурсы" ЖШС, "Таза сервис" ЖШС тәрізді қаламыздың негізгі коммуналдық қызмет көрсетуді жеткізушілерінің кассалары орналасқан. Үй-жайда тұтынушылар мен қызметкерлердің жұмысы үшін қолайлы жағдай жасалған. Мысалы,  қуатты үнемдеу және тарифтер туралы ақпарат беретін бейне көрсетілімге арналған кеңпішімді монитор орнатылды. Болашақта «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  "Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесімен бірігіп, осындай бірнеше коммуналдық қызмет көрсету үшін төлемдерді қабылдайтын шағын халыққа қызмет көрсету орталықтарын жетілдіруді жоспарлауда. Оралдықтарды қазіргі заман талабына сай жабдықталған шағын халыққа қызмет көрсету орталығына келуге және коммуналдық төлемдерді жүзеге асыруға шақырамыз!