Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Тарихы

Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылығы министрлігінің 1961 жылғы №417 бұйрығына сәйкес Орал су құбыры және кәріз басқармасы құрылды.

Басқарманың бірінші басшысы болып С.Шамохин, бас инженер-П.С.Носков, зертхананың меңгерушісі-З.Г.Чебатарева, тазарту құрылыстарының бастығы-И.А.Лагода тағайындалды.  Кәсіпорын қызметінің  бастапқы кезеңінде жұмысшылардың саны 63 бірлікті, оның ішінде жұмысшылардың саны 52 бірлікті, инженерлік-техникалық жұмысшылардың саны 11 бірлікті құрады.

1963 жылғы 1 наурыздан бастап қалалық су құбыры кешенін пайдалану іске қосылды. Өндірістік нысандардан су тазарту стансасы мен су айдаудың кәріздік стансасы қызмет етті.

1963 жылғы 1 қыркүйектен бастап директор лауазымына С.И.Квашнин тағайындалды. Оның тікелей басшылығымен 1969 жылғы мамырда Орал қаласы кәріздік желісінің жобасы бекітілді.

Кәсіпорынды 1969 жылғы қыркүйектен бастап 1973 жылғы шілдеге дейін Бокарев М.А. басқарды. Жұмысшылардың саны 168 бірлікті құрады.

1969 жылы Кірпішті ауылында қолда бар тазарту құрылыстарының өндірістік қуаттылығына сәйкес қазіргі уақытқа дейін ағынды сулардың тиісті тазартуын қамтамасыз ететін кәріздік-тазарту құрылыстары іске қосылды.

1971 жылы кәріздік тазарту құрылыстарында 4 биосүзгіні пайдалануға сынамалы іске қосу жүргізілді. Өндірістік нысандардан су тазарту стансасы мен суды айдаудың кәріздік стансасы қызмет етті.

Басқармада 10 жылдан аса уақытта В.Г. Хлюстенко басшылық етті  (1973-1985жж.).

Әртүрлі жылдардағы кәсіпорынның басшылары:

1986-1988жж.-Головнев Анатолий Федорович;

1989-1994жж.- Боргард Владимир Иванович;

1995-1997жж.- Ференци Валерий Васильевич;

1997-1999жж.- Мукатаев Веньямин Кадырович.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 1999 жылғы желтоқсандағы қаулысымен Орал су құбыры және кәріз басқармасы «Су арнасы» облыстық басқармасы болып қайта құрылды.

1999-2007жж. ұйымды В.Т.Дорошенко басқарды.

«Батыс Қазақстан облыстық коммуналдық меншік басқармасының «Батыс Қазақстан облыстық су құбыры және кәріз басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын қайта құру туралы»  Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 12  мамырдағы №142 қаулысының негізінде 2004 жылғы 20 тамызда шаруашылық жүргізу құқығында Орал қаласы тұрғын үй-коммуналдық және жол шаруашылығы басқармасының «Орал су арнасы» МКК құрылды.

2007-2008 жылдары кәсіпорынды Н.Иманғалиұлы, 2008-2010 жылдары А.К.Джанибеков, 2010-2013 жылдары К.Е.Имашев басқарды.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №175 қаулысының негізінде «Орал су арнасы» МКК қайта аталумен «Батыс су арнасы» ЖШС болып қайта құрылды.

Кәсіпорын, табиғи монополияның субъектісі ретінде сумен жабдықтау және ағынды суды бұру бойынша қызмет көрсету жолымен коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметті жүзеге асырады. Кәсіпорын Орал қаласын орталықтандырылған сумен жабдықтаудың бірден-бір көзі болып табылады, су беру және ағынды суды бұру бойынша қызметті көрсететін монополияшылар кәсіпорындарының облыстық тізіліміне енгізілген. Кәсіпорын Орал қаласының С.Датов көшесі, 4/4-үй мекенжайы бойынша орналасқан. Құрылтайшы-Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, мемлекеттік басқару органы-Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы. 

Кәсіпорынның негізгі міндеттері:

1. Халықты, бюджеттік, коммуналдық-тұрмыстық ұйымдар мен жеке су тартқысы жоқ меншіктің барлық нысандарының кәсіпорындарын мемлекеттік  стандартқа сәйкес келетін ауыз сумен үздіксіз қамтамсыз ету.

2. Тиісті қысыммен, қажет етілетін судың көлемімен өрт сөндіруді қамтамасыз ету.  

3. Тазарту құрылыстарының өндірістік қуаттылығына сәйкес қалалық науалардың бұрылуын және тиісті тазартуды қамтамасыз ету.

4. Құрылыстардың, желілердің және су құбыры мен кәріздердің өзге  нысандарының күрделі құрылысы мен жөндеуін жүзеге асыру.

5. Құрылыстарды, желілерді және су құбыры мен кәріздердің өзге нысандарын пайдалану және салу.

6. Салынып жатырған нысандарға күрделі жөндеу жүргізу және абаттандыру.

Кәсіпорында қазақ, орыс, украин, татар, молдован және өзге де ұлт өкілдері, барлығы 1000-нан аса адам қызмет етеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорынның құрылымы бірыңғай өндірістік-шаруашылық кешенін құрайды. Штат кестесіне сәйкес 50-ден астам жұмысшылар мен инженерлік-техникалық жұмысшылардың түрлері бар, олар: инженерлер, энергетиктер, механиктер, химиктер, бактериологтар, экологтар, зертханашылар, экономисттер, бағдарламашылар, заңгерлер, жүргізушілер, экскаваторшылар, газ-электр дәнекерлеушілер, теміршілер, электр монтерлар, сорғы қондырғысының жүргізушілері және т.б.

«Батыс су арнасы» ЖШС – Орал қаласының әртүрлі бөлігінде сонымен қатар Зеленов және Теректі аудандарында орналасқан өндірістік алаңдарында қызмет ететін көп санды жеке құрамы бар кәсіпорын. Кәсіпорынның басшылығы және кәсіподақ комитетімен жұмысшылардың еңбек етуі мен демалысына қолайлы жағдай жасалған: асхана, акт залы, қызмет көлігімен қамтамасыз етілген, мәдени-сауықтыру іс-шаралары үнемі ұйымдастырылады.

2013-2016 жж. "Батыс су арнасы" ЖШС Асылбек Ғұмарұлы Сакказов басқарды.

2016-2018 жж. "Батыс су арнасы" ЖШС Есенжан Темірболатұлы Шунаев басқарды.

2018-2019 жж.  «Батыс су арнасы» ЖШС басшысы  Тулеугалиев Нур Хамитович

2019 жылы «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры болып Имашев Каиргали Есенгалиевич тағайындалды.