Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану ережелерінің Тұтынушылармен сақталуына бақылау бойынша шаралар
08.09.2017

Орал қаласы бойынша сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушылардың назарына!

 

«Батыс су арнасы» ЖШС Тұтынушылардың 28.02.2015 жылы № 163 ҚР ҰЭ Министрлігінің бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану Қағидасын қадағалауын бақылау бойынша шара өткізеді.

Осы Қағидаға сәйкес Тұтынушылар су және ағынды суларды есепке алу құралдарының тиісті техникалық жағдайына және сақталуына жауап береді.

Тұтынушылар Қызмет берушіге міндетті түрде уақытында келесілерді хабарлау керек:

- Су есептегіш құралдың жұмысындағы ақаулар туралы;

- Су өлшеуіш тораптардағы пломбалардың үзілгендігі туралы;

- Су жабдықтау жүйесінен судың ағуы туралы;

- Қызмет беру уәкіліне су есептегіш құралды және сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін бақылау үшін кіруіне мүмкіндік беру;

- Суды есептеу құралын тексеріп тұру;

- Су есептегіш құралдың көрсеткішін беріп, көрсетілген қызметтерге төлем жүргізу.

 

Жоғарыда көрсетілген деректерді Тұтынушы хабарламаған жағдайда, сондай-ақ сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне өздігінен қосылғандығы, су есептегіш құралының көрсеткішін дұрыс көрсетпейтін құрылғылардың орнатылғандығы анықталған жағдайда Қызмет берушінің уәкілі акт жасап, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін есептеу әдістемесінің 22 тармағына сәйкес ұсынылған сумен жабдықтау және су бұру көлемдерінің есебін жүргізеді.