Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Төлем орталығы ашылды
05.07.2013
[«Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газеті]

Кеше «Батыс су арнасы» ЖШС-ның ұйымдастыруымен қаладағы Темір Масин көшесінің бойынан жаңа төлем орталығы ашылды.

 Шағын орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Мерген Магутов мұндай орындардың көптеп ашылуы біріншіден, қала тұрғындарының уақытын үнемдейтінін, екіншіден, коммуналдық қызмет ақысын жинауда маңызды екенін айтты. Оның сөзін жалғастырған «Батыс су арнасы» ЖШС директоры Асылбек Саққазов аталмыш орталықтың мекеме қаржысына жөнделіп, 20 күн ішінде іске қосылғанын жеткізді. Тұрғындар талабын ескере отырып, қайта жасақталған төлем орталығында енді тек суға ғана емес, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтар мен электр қуатына және жылуға төлем төлеуге болады. 

Аталмыш мекеменің абоненттік бөлімінің бастығы Нәсіп Мәмбетованың сөзінше, тұрғындар бұл жерде бұрын тек суға ғана төлейтін болған. Сонда осындағы жалғыз терезе арқылы мекемеге төлемақының 20 пайызы түсіп отырған көрінеді. Оның айтуынша, қалада бұдан басқа тағы осындай 8 орталық жұмыс істеп тұр. Бір орталықтан төлем жинаудың тиімділігін ескерген коммуналдық қызмет көрсетушілер алдағы уақытта өзара келісу арқылы бірлесе отырып, осындай шағын төлем орталықтарын көптеп ашуды көздеуде.

www.zhaikpress.kz

Айша ӨТЕБӘЛІ