Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Қарызы өтелмеген үйлерге бітеуіштер қойылады
14.06.2013

[«Орал өңірі» облыстық қоғамдық-саяси газеті]

«Батыс су арнасы» ЖШС қарызға белшесінен батқан жеке тұтынушыларды кәріздік желіден айырып тастау жұмыстарына кірісті.

Коммуналдық төлемдер бойынша қарыз онсызда аз емес-тұғын, енді тарифтердің көтерілуіне орай бережақтың көлемі өсе түсті. Облыс орталығындағы кәсіпорындарды, ұйымдар мен мекемелерді есепке алмағанда, тек жеке тұтынушылардың сумен және суды жеткізумен айналысатын «Батыс су арнасы» ЖШС-на берешегінің шамасы 60 млн. теңгені құрады. Қазіргі уақытта сотпен талап-арыздардың құны шамамен 22 млн. теңге болатын 1250 іс қозғалған. Сумен қамтушы мекеменің қызметін пайдаланушы 240 абонент ұзақ жылдар бойы қарыздарын өтеуді ұмытқандар тізіміне қойылған. 

Коммуналдық кәсіпорынның бақылаушылары мен сот орындаушыларының қарызға батқандармен берешекті өтеу жайындағы құр әңгімесінен ештеңе өнбейтіні белгілі. Ондай пәтерлердің табалдырығын ат­таудың қиыны өз алдына және оларды судан айырып тастау да оңай емес болатын. «Батыс су арнасы» ЖШС пәтерден ағып шығатын кәріздік суды бітейтін құралды қондыратын аспап сатып алды. Кәсіпорын мамандарының айтуынша, ондай бітеуішті өз бетімен алам деу әурешілік, оны тек осы арнайы жабдықтың көмегімен ғана кері алуға болады. 

- Әлгі аспаптың көмегімен бітеуішті (заглушки) орнатуға 5-7 минут уақыт кетеді. Мамандар үй шатырына көтеріліп, қажетті тіреуішті (стояк) анықтап, оған бейнекамерасы бар темір сымды жібереді, қажетті пәтердің су бөлгіш құбырына дейінгі қашықтықты анықтап, пластикалық бітеуішті қояды. Бұл -ресейлік «СОВ-2» деген жабдық. Оны сатып алуға 1 млн. 900 мың теңге жұмсалды. Бұған дейін оны Қазақстанда қолданып көрмеген. Оны қолданудың артықшылығы бар, біріншіден, ондай бітеуішті орнатудың нәтижесінде апатты жағдайлар болмайды, екіншіден, бітеуіштерді өз бетімен ала алмайсыз. Қазір біз кәріздік жүйеден төлемақы қарызын ішінара өтеуге мүмкіндігі бар тұтынушыларды айырып тастап отырмыз, – деді «Батыс су арнасы» ЖШС-ның абоненттік бөлімінің басшысы Нәсіп Мәмбетова. 

Сондай-ақ бітеуішті алып тастау тұтынушының есебінен жүреді. Кәсіпорындағылардың есебінше, бұл қызмет шамамен 5 мың теңгеге шығады. Нәсіп Мәмбетованың айтуынша, бітеуіштерді алып тастау үшін қарызға батқан тұтынушы берешегінің жарты шамасын өтеп, ЖШС-мен қалған қарызын қай уақыт ішінде жа­батынын көрсетіп, жазбалай келісімшарт жасауы тиіс. Қарызы бар тұтынушыларды кәріздік жүйеден айырып тастау жұмыстары енді басталды және ол тұрақты жүргізіледі. Мамандар бұл шараның тиімділігі әлден байқалуда деседі.

Алтынай ТІЛЕШ