Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
«Орал су арнасының» мамандары оларға бірнеше бюджеттік мекемелердің қарыздары бар екендігін айтты
09.01.2014

[«ТДК-42» қалалық тәуелсіз телеарнасы]

Сол себепті шаһарымыздағы ең ірі жүзу бассейнінің жабылып қалуы мүмкін деген сыбыс естілген болатын. Алайда бассейн әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар тез арада бар қарыздарын өтейтін көрінеді.

Еліміз бойынша барлық заманауи талаптарға сай келетін, Республикамыздағы алдыңғы қатардағы бассейндердің бірі-"Жайық-Самалы". Аталмыш мекеменің дәрігері сағат сайын судың жылулық температурасын өлшеп отырады. Қазір оның температурасы +29. Бұндай суда барлық рекордтарды жеңуге болады. Алайда қарыз өтелмесе, «Батыс су арнасы» суды айырып тастауы мүмкін.

Ай сайын бассейн 700 метркуб суды талап етеді. Спорт мектебінің қарыздары екі үш айда жиналып қалған. Қазіргі таңда жүзу бассейінінде 400-ге тарта балғындар спортпен шұғылдануда. Ал кеште үлкендерге де келіп, суға шомылуға болады. Коммуналдық қызметкерлердің айтуынша бюджеттік мекемелер оларға барлығы 40 млн теңге қарыздарын өтемеген. Ал жүзу бассейнінің қарызы ең төменгі.

Өткен жылы "Батыс су арнасы" 30-40 мың қарызы бар қала тұрғындарынан өтем ақыларын қайтару үшін жаңашылдық ойлап тауып, әр борышкердің су құбырларын жауып тастаған болатын. Ал ол кезде млн-даған қарыздары бар мекемелер бәрін өтейміз деп уәделерін беріп, сумен қамтамасыз етіліп отырғаны қалай?