Хабарландырулармұрағат
-
17.04.2025
Уважаемые потребители!
-
17.04.2025
Уважаемые потребители!
-
17.04.2025
Уважаемые потребители!
-
17.04.2025
Құрметті тұтынушылар!
-
17.04.2025
Уважаемые потребители!
Оралда су мен газ бағасы қымбаттайды
27.12.2013
[«24 kz» тәулік бойғы сандық ақпараттық арнасы]
Оралда ақпан айынан бастап газ 9%-ға, ал судың құны 25%-ға көтерілмек. Ал бюджеттік мекемелер мен жеке кәсіпорындар үшін су бағасы 30%-ға дейін қымбаттайды. Демек, Орал тұрғындары қазір судың бір текше метріне 75 теңгеден төлесе, енді ақпан айынан бастап оның бағасы 105 теңге болады және жаңа тариф 3 жылға дейін әрекет етеді. Еске сала кетейік, судың тарифі осы жылдың басында ғана 70%-ға көтерілген болатын. «Батыс су арнасы» кәсіпорны бағаны амалсыздан көтеріп отырғандарын айтады. Ұзындығы 400 шақырымдай су құбырларының 60%-ының тозығы жетіп тұр. Алдағы үш жылда оны жаңғыртуға 2 миллиард теңге инвестиция құюды жоспарлап отырғандығын кәсіпорынның жалпы бөлім басшысы Галина Нұрмұханова алға тартады. Галина Нұрмұханова, «Батыс су арнасы» кәсіпорны жалпы бөлімінің басшысы: - Ең алдымен су құбырлары мен кәріз жүйелерінің қала бойынша 60%-дан аса тозуына байланысты баға көтеріліп отыр. Бұл аталған шараның ең негізгі мақсаты – халықты үздіксіз сумен қамту, жоғарғы қабаттарға судың үлкен қысыммен берілуін қамтамасыз ету және сапалы таза суды халыққа беруге бағытталған.