Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Оралда берешегі белшеден асқан тұрғындар енді, кәріз суынсыз қалатын болды
19.12.2013
[«31-канал» қазақстандық республикалық телеарнасы]

    Сот орындаушыларға төлемдерге тиын төлегісі келмейтін тұрғындармен жүздесу қиын. Көбі берешектерін біле тұра, бермеуге үйір. Үш жылға дейін суға қарызы барлардан,  ақыры, коммуналдық қызметкерлер  ақша алудың әдісін ойлап тауыпты. Бұдан былай, әр пәтердің есігін қағып, қожайынмен кездесу іздемейді. Тек кәріз жүйесін жабады. 
    ГАЛИНА НҰРМҰҚАНОВА, «Батыс су арнасы» мекемесінің баспасөз хатшысы: - Қазіргі таңдағы көрсеткіштер бойынша, 54 пәтердің кәріз жүйесіне шектеу қойылды. Жалпы жүзге жақын пәтерлерге шектеу қойылған болатын. Яғни су құбырына емес, тек кәріз жуйесіне. Жартысынан көбі ерікті түрде  берешектерін жауып, қайта қосылып жатыр. Кәріз суынсыз қалдырудың қиын еместігін де паш етті. Осылайша,  қолданып отырған коммуналдық қызметтері үшін табысынан ай сайын бөліп беруге дағдылану үшін. Бүгінде ресми емес мәліметтер бойынша, өңір азаматтары, "Батыс су арнасының" алдында  60 миллион теңге қарыз болған. 
    ГҮЛНАР ЕРҒАЛИЕВА, мемлекеттік сот орындаушы:-Жылдың басында 1500 жуық атқарушылық іс болды. Бірақ 11 айды  есептегенде жартысынан көбі орындалды. Жыл басынан бері 100 пәтердің су жүйесі тоқтатылған. Осыдан соң тұрғындардың жартысынан көбі қарыздарынан құтылған.