Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
21.02.2022

«Батыс су арнасы» атына жертөле орынжайларын ағынды сулар басу мәселесі бойынша жайландырылған көп қабатты тұрғын үйлердің тұрғындары жүгінеді. Тұрғындардың жүгінуі бойынша аталған жертөле орынжайларын тексеру кезінде қарау ревизияларының қақпақтары ашық екені, жертөле орынжайларындағы кәрізтік тарату желілерінің еңісі сақталмайтыны және ҚНжЕ нормаларына сәйкес орындалмайтыны анықталады, бұл болашақта жоғарыда аталған зардаптарға әкеледі. 

 

Мысалы, соңғы өтініштердің бірі Абай даңғылы бойындағы №57 үйдің тұрғындары мен «Гурмэ» дүкенінен, сонымен қатар Құрманғазы көшесінің бойындағы 152 үйдің тұрғындары мен «Школьник» дүкенінен болды. Жоғарыда аталған үйлердің жертөле орынжайларын тексеру нәтижесінде кәріздік тарату желілері ҚНжЕ бұзушылықпен орындалғаны анықталды. Өтініш берушілерге жертөле орынжайындағы кәріздік тарату желілерін ҚНжЕ сәйкес қайта құру туралы ұсыныспен хат жолданды.

 

Жертөле орынжайларын су басуды болдырмау мақсатында ПИК қызмет көрсететін слесарь-сантехниктер үйдің жертөлесіндегі жертөле ревизиясынан құдыққа дейін мерзімді түрде тексеру жүргізіп, тазалап тұруы қажет.

 

Кәсіпорынның кәріздік желілер қызметі үйаралық, аулалық, көшелік, махаллалық,  магистральдық кәріз құдықтары мен құбырларын тексеру мен тазалау бойынша жоспарлы шараларды тұрақты түрде жүргізіп отыр. Тұтынушылардан өз үйінің коммуналдық желілеріне қамқорлықпен қарап, ҚНжЕ сәйкес ұстауды өтінеміз!