Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
А.Жақыпов көшесі – Ж.Аймауытов көшесі мекенжайлары бойынша уақытша суды айыру
09.11.2021
 

«Батыс су арнасы» ЖШС 2021 жылдың 09 қарашасында А.Жақыпов көшесі – Ж.Аймауытов көшесі мекенжайлары бойынша судың жер астынан ағуы орын алғаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта апатты жою жұмыстары жүргізілуде.

 

Осыған байланысты, Қамбар батыр көшесі, 4, 6, 6/1; Мөңкеұлы көшесі, 8, 8/1 мекенжайлары бойынша көпқабатты сектордағы тұрғын үйлерді, «Арман» шағын ауданындағы А.Жақыпов көшесі, Ж.Аймауытов көшесі, «Сарытау» шағын ауданы, «Көктем» шағын ауданы, «Кең дала» шағын ауданы мекенжайлары бойынша жеке сектордағы тұрғын үйлерді, А.Байтұрсынов көшесі және оған жақын аумақта орналасқан тұрғын үйлерді, сонымен қатар «Заңғар» МДҰ, №50 ЖОББМ, №51 ЖОББМ, №10 ЖОББМ ғимараттарын сумен қамту уақытша тоқтатылады.

 

Жұмыстарды жүргізудің болжалды уақыты - сағ.15.00-ден сағ.24.00-ге дейін.