Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
21.07.2021

«БАТЫС СУ АРНАСЫ» ЖШС КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС СЕБЕПТЕРДІҢ САЛДАРЫНАН 2021 ЖЫЛДЫҢ 18 ШІЛДЕСІНЕН БЕРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫН СУМЕН ТОЛЫҚ КӨЛЕМДЕ  ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАЙ ОТЫРҒАНЫ ТУРАЛЫ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА ЖЕТКІЗЕДІ

 
  1. 2021 жылдың 18 шілдесі күні сағ.23.48-де ЖЭО-дан сутартқыдан суды берудің тоқтатылғаны туралы хабарлама түсті. Осы себептен «Батыс су арнасы» ЖШС Су тазалау құрылыстарына техникалық суды беру тоқтатылды және сәйкесінше қалалық су құбыры желілеріндегі қысым төмендеді. 2021 жылдың 19 шілдесінде 07 сағат 20 минутта сумен қамту қалпына келтірілді.
  2. 2021 жылдың 19 шілдесі күні шамамаен 08 сағат 20 минутта ЖЭО жағалау сорғы стансасынан Батыс су арнасы» ЖШС Су тазалау құрылыстарына суды беруді 1200 т.м./сағ. дейін қайтадан шектеді, сәйкесінше қалалық су құбыры желілеріндегі қысым қайтадан төмендеді. 12 сағат 20 минутта сумен қамту қалпына келтірілді.
  3. 2021 жылдың 20 шілдесі күні 11 сағат 30 минутта ЖЭО жағалау сорғы стансасынан Батыс су арнасы» ЖШС Су тазалау құрылыстарына суды беруді 1100 т.м./сағ. дейін қайтадан шектеді, сәйкесінше тағы да қалалық су құбыры желілеріндегі қысым төмендеді. 12 сағат 20 минутта сумен қамту қалпына келтірілді. 17 сағат 30 минутта суды беру қалпына келтірілді.
 

«Батыс су арнасы» ЖШС тұтынушыларға «Жайықжылуқуат» АҚ ЖЭО тарапынан суды берудегі шектеудің сақталып тұрғаны және сондықтан тұтынушыларға кәсіпорын қызметіне байланысты емес себептердің салдарынан толық көлемде суды бере алмай отырғаны туралы хабарлайды. Қазіргі уақытта жағдай сол күйінде өзгеріссіз. Өзгерістер болған жағдайда қосымша хабарлаймыз.