Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Диспетчерлік қызметке түскен тапсырыстар бойынша кезекші апаттық бригадалардың 05 қаңтардағы жұмысы
13.01.2021

Біздің қызметкерлер қала тіршілігі үшін еңбектенеді

 

Диспетчерлік қызметке түскен тапсырыстар бойынша кезекші апаттық бригадалардың 05 қаңтардағы жұмысы

 «Орал» ССК аялдама павильонының артында жер астынан Д 400 мм су құбырынан судың ағуы анықталды. 08 қаңтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-мен келісу жоспарланды. Апат 11 қаңтар күні жойылды, адаптор орнатып, жер қазу жұмыстары жүргізілді, қоршау белгісі, таспасы орнатылды.

 Жаңа Орда шағын ауданы, 13,14 үй – ПИК тарапынан дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты суды беру уақытша айырылды.

 Ет комбинаты ауданы -  судың жоқтығына байланысты апатты жою жұмыстары жүргізілді (2,3 корпус, Затон-Чапаев көшесі, 23/1).

 С.Сейфуллин – Петровский көшелері – су құбыры колонкасына іргелес аумақтың мұзы алынды.

 Е.Орақбаев көшесі, №23 ЖОББМ қарсы – жеке су құбырында құдықтың қақпағы жоқтығы анықталды.

 Партизанская көшесі, 39 – тексеру нәтижесінде су есептегіш құралының дұрыс орнатылмағаны анықталды, ауыстыру үшін кран жабылды.

 Жуков көшесі, 13 – жертөлені салқын су басуы анықталды. Д 50 мм вентиль жабылды. Әрі қарайғы жұмыстарды ПИК жүргізеді.

 Н.Савичев – Мұхит көшелері – Д 100 мм болат құбырдағы су құбыры колонкасында су құбырынан су ағу, құбырда тесік бары анықталды. 16 м3 су сорылды. Апат жойылды.

 «Siberia» мейрамханасының кәріз құдығын КРОТ арнайы техникасымен тазарту және құдықтан кәріздің ағынды суларын сору жүргізілді.

 Исатай батыр, Матросов көшелерінен Охранная көшесіне дейін су құбыры колонкаларын тексеру бойынша жұмыстар жүргізілді. Колонкаларды тексеру жұмыстары қаланың барлық бөліктерінде күн сайын жүргізілуде.