Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Төгінді стансасының жұмысындағы өзгерістер туралы
04.07.2016

Құрметті тұтынушылар!

 

   «Батыс су арнасы» ЖШС Черняховский – Исатай батыр көшелерінің бойына орналасқан Төгінді стансасының Исатай батыр көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта құру және құрылыс бойынша жұмыстардың жүргізілуіне байланысты жабылғаны туралы хабарлайды. Сонымен қатар, Деркөл к. Орал-Лес сауда базасының ауданындағы өтпе жол маңындағы көпір астында орналасқан су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардан ағынды суларды қабылдау бойынша жабдықталған төгінді пункті ҚНжЕ талаптарына сай келмеуіне байланысты 2016 жылдың 04 шілдесінен бастап жабылғандығы туралы хабарлайды.

   Ассенизаторлық көліктермен шығарылатын ағынды суларды уақытша қабылдау 04.07.2016 жылдан бастап тек Зашаған к., «Водник» гараж кооперативі ауданында орналасқан 17-КСС (ескі КТҚ) мекенжайы бойынша жүргізілетін болады.

   Черняховский – Исатай батыр көшелерінің бойына орналасқан Төгінді стансасы Исатай батыр көшесі бойынша өздігінен ағатын кәріз коллекторын қайта құру және құрылыс бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін іске қосылады.  

   Жұмыстарды аяқтаудың болжалды уақыты – 2016 жылдың қараша айының соңы.

   Анықтамалар келесі телефондар бойынша: 23-32-36, 23-32-43, 28-32-05, 25-10-54.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.