Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
16 маусым күні Зачаганск кентіне су беру келесі себептерге байланысты ауытқулармен жүзеге асырылды:
17.06.2020

Сағ.08.17-ден сағ.11.23-ке дейін қалалық электр желілерінде апат орын алуына байланысты су беру тоқтатылды.

Зачаганск кентіне су беру Шаған өзенінің жағасында орналасқан №20 көтергіш сорғы стансасы (к/гіш СС) арқылы жүргізіледі. Көтергіш сорғы стансасында электр сорғылары орнатылған, олар электр қуатының болмауына байланысты жұмыс жасамайды.

Қалалық электр желілеріндегі апат сағ.11.23-те жойылды, су беру де шұғыл қалпына келтірілді.

 Сағ. 22.50-де су беру тоқтатылды, өйткені пайдалану көлемінің ұлғаюына байланысты №20 көтергіш сорғы стансасындағы резервуарларда су қоры таусылды.

Жазғы мезгілде судың пайдалану көлемі ауа-райы жағдайлары мен жоғары тұтынушылық сұранысқа байланысты ұлғаяды. Дәл осы күні ауа температурасының жоғарылауынан суды пайдалану көлемі әдеттен тыс ұлғайды.

Сағ. 22.50 мен сағ.00.20 аралығында резервуарларды суға толтырып, кейін суды беру қалпына келтірілді.

Су – стратегиялық тауар, сондықтан ұқыпты пайдалануыңызды өтінеміз!