Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
«Батыс су арнасы» судың тарифін арттырмақ
25.11.2013

["ТДК-42" қалалық тәуелсіз телеарнасы] Осылайша аталған кәсіпорын мамандары өз қызметтерінің құнын 45 пайызға қымбаттатуды сұрап отыр. Айтуларына қарағанда, жиналған қаражат кәсіпорынды модернизациялауға жұмсалмақ! Бүгінгі күні ұсынысты табиғи монополияларды реттеу агенттігі қарастыру барысында! "Батыс су арнасы" 2014-2016 жылға су бағасына тұрақты тарифті орнатуды ұсынып отыр. Олардың айтуынша қазіргі таңда су құбырларының 60 пайызы ескірген. Сондықтан аталмыш мекеме 3 жыл-да қаламыздағы барлық су жүргізу жүйесін ауыстырмақшы. Баршамызға белгілі шаһарымызда орналасқан көптеген 5 қабатты үйлердің су желілеріндегі қысымның аздығынан, ол үйлерде су бәсең ағатын көрінеді. Есептеп қарасақ, 60 тонна суды жанұядағы 4 адам жарты жыл қолданатын көрінеді. Ал сол суға төлеп жатқан ақшаға қазіргі заман нарығы бойынша 10 литр сүт, немесе 90 литр бөтелкелі су алауға болатын көрінеді. Біз қала тұрғындарынан аталмыш мәселе бойынша сұхбат алған болатынбыз. "Батыс су арнасының" мамандарының айтуынша, Көкшетау қаласында су бағасы 104,93 болса, Ақтөбе қаласында 72,8 теңге көрінеді. Салыстырмалы түрде біздің қаламыздағы баға ең төмен.