Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
01.06.2020

«Батыс су арнасы» ЖШС жаз кезінде суды максималды тұтыну уақытына ауыз суды беру кесте бойынша жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Аталған шараны енгізу ауа температурасының жоғарылауынан туындаған суды пайдалану шығынының ұлғаюымен шартталады, бұл өз кезегінде резервуарлардағы су қорының ең төменгі сыни көлеміне дейін төмендеуіне және барлық қала, сонымен қоса Зачаганск кенті бойынша су құбырындағы су қысымының төмендеуіне әкеледі.

Қалыптасқан жағдайға байланысты жазғы кезеңде судың тоқтауына жол бермеу және қала тұрғындарын сумен қамтуды оңтайландыру мақсатында Су тазалау құрылыстары (СТҚ), Жерасты сутартқысы (ЖАС), №20 көтергіш сорғы стансасының (К/гіш СС) сорғы стансаларына жұмыс кестесі енгізіледі.      

Суды максималды тұтыну уақытына Орал қ. сумен қамту жүйесіне ауыз суды беру кестесі

 

СТҚ

Күндізгі уақыт

07:00 – 09:00 – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;

09:00 – 12:00 – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету;

12:00 – 14:00 – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;

14:00 – 18:00 – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету;

18:00 – резервуарлардағы су қоры ең аз рұқсат етілген мәнге төмендегенге дейін – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;

Түнгі уақытта 07:00-ге дейін – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету.

 

ЖАС

07:00 – резервуарлардағы су қоры ең аз рұқсат етілген мәнге төмендегенге дейін – үздіксіз сумен қамту тәртібіндегі жұмыс;

Түнгі уақытта 07:00-ге дейін – резервуарларды толтыру үшін қысымды төмендету.

  Қалалық желідегі қысым көлемін Орталық диспетчерлік қызмет және Су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметі шешім қабылдау сәтіндегі қалыптасқан жағдайға сәйкес реттейді.