Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Судың сапасына қатысты өзекті мәселелер жайында
03.02.2020

Қаламыздың тұрғындарын мазалайтын сұрақтардың бірі – «Батыс су арнасы» ЖШС ұсынатын судың сапасы. Бүгін біз бір мысалдың үлгісінде «Батыс су арнасы» ЖШС тарапынан  судың сапасын жақсарту бойынша қандай жұмыстар жүргізіліп, қандай шаралар қабылданатыны туралы айтамыз.

 

2020 жылдың 27 қаңтары күні Instagram әлеуметтік желісіндегі @zhaloba_uralsk_official аккаунты парақшасына қала тұрғындарынан түскен судың сапасы жөніндегі шағымдардың негізінде аталған тұрғындардың мекенжайлары мен байланыс нөмірлері сұратылды.

 

Тұрғындардың мекенжайы мен байланыс нөмірлері аталған шағымдар бойынша әрі қарай шаралар қабылдау мақсатында кәсіпорынның Орталық диспетчерлік қызметіне тапсырыс ретінде тіркеу үшін қажет екенін тұрғындардың қатеріне саламыз.

 

2020 жылдың 28 қаңтары күні «Батыс су арнасы» ЖШС сынақ зертханасы кәсіпорынның Су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметімен бірігіп:

«Жаңа Орда» ш.а., 25ү., 25п.;

Оренбургская көш., 37/2ү., 114п.;

«Северо-Восток» ш.а., 39ү., 3п.;  

4 ш.а., 17ү., 10п.;

«Строитель» ш.а., 35ү., 3п.;

Әбілхайыр хан көш., 91/2ү., 3п.;

Еуразия даңғ., 49ү. (магазин «Окулист»);

Құрманғазы көш., 175ү., 62п.;

Мөңкеұлы көш., 78ү., 42п.

мекенжайларындағы тұрғын үйлердің пәтерлерінен сумен қамтудың ішкі пәтерлік желілерінен  судың сынамасын алды.

 

Сынақ зертханасы мамандарымен жүргізілген ауыз су сапасын сынау МСТ 2874-82, 16.03.2015г. № 209 СанЕжН талаптарына сәйкес шектеулі-рұқсатты концентрация нормаларына сай екенін көрсетті.

 

Апаттық жағдайлар нәтижесінде сумен жабдықтауды беруді тоқтатқанда мұндай жағдайлардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Мұндай фактілер анықталған кезде кәсіпорынның Су құбыры желілері мен құрылыстарын пайдалану қызметі судың МСТ-ға сәйкес сапасын алғанға дейін су құбыры желілерін шаюды жүргізеді.  

 

Кәсіпорын штатында аккредиттелген, заманауи жабдықтармен, қажетті химиялық реагенттермен және сағат сайын судың сынамасын алатын және ауыз су сапасының СанЕжН талаптарына сәйкестігін тексеретін білікті кадрлармен жабдықталған Сынақ зертханасы қызмет етеді.

 

Айта кететін жай, Орал жерасты сулары кен орнында өндірілетін табиғи судың құрамында марганец пен темір сияқты ингредиенттердің көп шоғырлануы байқалады. Ауыз суды қалалық желілерге жіберген кезде су норматив бойынша 0,3-0,5 Мг/дм3 құрайтын сұйық хлормен зарарсыздандырылады. Марганецтің, темірдің және сұйық хлордың қосылысы кезінде реакция жүріп, нәтижесінде судың лайлануы көтеріледі.    

 

Осындай жағдайларды болдырмау үшін кәсіпорында жерасты суларын тазарту үшін шамамен алғандағы құны 5 млрд. теңге сомаға темірсіздендіру және деманганациялау стансасының құрылысы қарастырылған Орал жерасты сулары кен орнын қайта құру және кеңейту бойынша кешенді жоспар дайындалды.      

 

Судың сапасын жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдау үшін өз мекенжайлары мен байланыс мәліметтерін ұсынған барлық тұрғындарға алғысымызды білдіреміз.