Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Төгінді пункттерде ағынды суларды қабылдау туралы
23.05.2016

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

«Батыс су арнасы» ЖШС  қала аумағында су бұру жүйелеріне қосылмаған тұтынушылардан Черняховский-Исатай батыр көшелері бойынша тұрмыстық-шаруашылық және  өндірістік  ағынды суларды қабылдау бойынша төгінді стансасы  қызмет көрсететінін хабарлайды. Тұтынушылардың өз бетімен ассенизаторлық көлікті жалдау жолымен ағынды суларды тасымалдау жүзеге асырылады. Станцияда ағынды  суларды қабылдау  талондарда көрсетілген көлемге сәйкес жүргізіледі. «Батыс су арнасы» ЖШС  барлық кассаларында ағындылардың төленген көлеміне талондар беріледі.  Ассенизаторлық көліктің төгінді стансаға кіруі талонды көрсетпеген жағдайда  рұқсат етілмейді. Арнайы автокөлікпен ағынды суларды шығару және ағызу бойынша  қызметтерді және станцияларда ағынды суларды қабылдау бойынша қызметтерді ұсынатын тұлғаларға ( жеке кәсіпкерлерге)  «Батыс су арнасы» ЖШС келісім шарт негізінде  жүзеге асырылады.