Хабарландырулармұрағат
-
27.07.2023
«Батыс су арнасы» ЖШС кәсіпорынның ауыз су беру және сарқынды суларды бұру қызметтерінің 1 жарты жылдық 2023 жылғы нәтижелері бойынша есеп беруді ұсынады.
-
05.07.2023
Ашық тыңдауды өткізу
-
04.05.2023
2022 жылға кәсіпорын қызметінің қорытындылары туралы есеп
-
02.08.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2022 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
-
28.04.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2021 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
СЕПТИККЕ ҚАЛАЙ ТӨЛЕУГЕ БОЛАДЫ?
1. Кәріз көлемін есептеу үшін нормативті құжат:
ҚР құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері бойынша Агенттігінің 26.09.2011 жылғы №354 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтаудың және су бұрудың көрсетілген қызметтерінің көлемдерін есептеу әдістемесіне» сәйкес: елді мекеннің суды бұру жүйесіне тікелей қосылмаған суды тұрмыстық қолдану үшін пайдаланатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін арнайы автокөліктің және елді мекеннің суды бұру жүйесіндегі төгу пунктіне (стансасына) құю қызметтерін пайдаланатын тұтынушылардың ұсынылған суды бұру қызметтерінің көлемі.
Елді мекеннің суды бұру жүйесіндегі төгу пунктіне қабылданған ағынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылығының көлемі бойынша анықталады.
2. Ағынды сулар қайда қабылданады және қайда төгіледі?
Тұтынушылардан ағынды суларды қабылдау үшін келесі мекенжайлар бойынша орналасқан екі төгу стансасы қызмет етеді:
· Черняховского – Исатай Батыр көшесі;
· Зачаганск кентіндегі 17-КСС.
Ағынды суларды төгу стансасына қабылдау қатаң талондар бойынша жүзеге асырылады. .
3. «Талон» дегеніміз не?
· талон – төгу стансасына рұқсат қағаз болып табылады;
· септиктен тартып шығарғаннан кейін, тұтынушы талонды ағынды суларды төгу стансасына жеткізу үшін арнайы автокөліктің жүргізушісіне береді;
· әрбір тұтынушы бойынша ағынды сулардың нақты көлемі төгу стансасында қабылданған талондар негізінде анықталады.
4. Талондарды қайдан алуға болады?
· талондарды кәсіпорынның барлық кассаларынан алуға болады;
· тұтынушы септиктен тартылуға жататын ағынды сулардың көлемі үшін ғана төлеп, осы көлемге талон алады;
5. Есептеу қалай жүргізіледі?
· тұтынушы септиктен тартылуға жататын ағынды сулардың көлемі үшін ғана төлейді және осы көлемге талон алады;
· дербес шоты көрсетілген талон төгу стансасында қабылданады;
· әрбір тұтынушы бойынша ағынды сулардың нақты көлемі төгу стансасында қабылданған талондар негізінде анықталады және дербес шотта көрсетіледі.
6. Шектеулер
· төгу стансасына құрамында теріс зардаптарға әкелуі мүмкін, суды бұру жүйелерінің жұмыс қабілеттілігіне қатер төндіретін, қызмет көрсететін персоналдың денсаулығына зиян келтіру үшін жағдай туғызатын заттары бар ағынды сулар қабылданбайды.