Хабарландырулармұрағат
-
27.07.2023
«Батыс су арнасы» ЖШС кәсіпорынның ауыз су беру және сарқынды суларды бұру қызметтерінің 1 жарты жылдық 2023 жылғы нәтижелері бойынша есеп беруді ұсынады.
-
05.07.2023
Ашық тыңдауды өткізу
-
04.05.2023
2022 жылға кәсіпорын қызметінің қорытындылары туралы есеп
-
02.08.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2022 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
-
28.04.2022
Құрметті тұтынушылар! «Батыс су арнасы» ЖШС 2021 жылға қаржылық есептілік және тарифтік сметаның орындалуын ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау облысындағы бақылау қоршаған ортаның жағдайына және шаруашылық, өзге қызметтерінің әсерінен оның өзгеруіне бақылауды, қоршаған ортаны қорғау және жақсарту бойынша жоспарлар мен іс-шараларды тексеруді, табиғи ресурстарды қалпына келтіру және ұтымды пайдалануды, қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың, оның сапасының нормативтері мен экологиялық талаптарының сақталуын белгілейді.
Қызметтің негізгі бағыттары:
1. Қоршаған ортаны қорғау бойынша болашақтағы және ағымдағы жоспарларды әзірлеуді ұйымдастырады, олардың орындалуына бақылауды жүргізеді.
2. Шығарылатын өнімнің экологиялық тазалығын, оның тұтынушылар үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды әзірлеуге қатысады.
3. Тазарту және қорғау құрылыстарын дұрыс пайдалануды бақылайды.
4. Қоршаған ортаның ластануын болдырмау, еңбектің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін экологиялық нормалардың сақталуы, сонымен қатар, апаттар мен қирауларды ескерту бойынша шараларды әзірлейді.
5. Тазарту және өзге табиғат қорғау іс-шаралары бойынша бағдарламаларды әзірлеуді іске асыруда қоршаған ортаның жағдайы үшін тәуекелдерге негізделген есептеулерді жүргізеді.
6. Қоршаған ортаға зиянды заттардың шығарылу себебін және салдарына зерттеуді ұйымдастырады, оларды ескерту бойынша ұсыныстар дайындайды.
7. Отандық және шетелдік ұйымдардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін зерттеу және жинап қорыту негізінде қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бойынша шараларды әзірлеуді басқарады.
8. Қоршаған ортаның жағдайын, қайғылы оқиғалар туралы мәліметтерді сақтау жүйесін қалыптастыруды сипаттайтын, экологиялық мониторингтің деректерін, қалдықтарды жою туралы құжаттамалар мен табиғат қорғау қызметін үйлестірушінің қарамағына ұсынылатын экологиялық сипаттағы өзге ақпараттардың есебін жүргізуді ұйымдастырады.
9. Экологиялық ақпараттың тиімді жүйесін ұйымдастыруды қалыптастыру бойынша жұмыстарды жүргізеді.
10. Суды өндіру мен тұтынуды, ауыз суды беруді қадағалауды қамтамасыз етеді, сонымен қатар, ластану көздеріне (соның ішінде, су құбыры мен кәріздің өз мұқтажына, өнеркәсіптік, коммуналдық-тұрмыстық және өзге кәсіпорындарға) бақылауды жүзеге асырады. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда ауыз суының ұтымды пайдаланылуына бақылау жүргізеді.
11. БҚО Орал кен орнының жер асты суларын өндіруге шартты орындау бойынша жұмыстарға басшылық етеді.
12. Бұратын өндірістік ағынды судың құрамын қорыту және талдау, су шығынының меншікті нормалары мен оның бекітілген жоспарлары мен режимдерінің сақталуы бойынша жұмысты басқарады.
13. Материалдарды әзірлейді және шығарындыларға, тастамаларға және арнайы су пайдалануға, метрологиялық құжаттамаларды әзірлеуге рұқсаттарды ресімдейді.
14. Қалалық су бұру жүйесіне келетін өнеркәсіптік науалардың жағдайына бақылауды жүзеге асырады және ай сайын ведомстволық бақылаудың кестесін әзірлейді. Өнеркәсіптік кәсіпорындарда химиялық талдау үшін таңдап алынған өнеркәсіптік науалар талдауының нәтижелері бойынша қажетті есептеулерді жүргізеді. Науалардың ластану себебін зерттейді және оларды ескерту және жою бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады.
15. Экология бойынша нормативтік құжаттарды ресімдейді.
16. Экологиялық іс-шаралар бойынша алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік тәжірибелерді енгізеді.