Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Есептегіш құралын орнату

Суды коммерциялық есептеу үшін жоғары сезімталдық шегіндегі және ең жоғары дәлдік класындағы, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі бұйрығымен  бекітілген «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесінің» 10т. негізінде нысандарды сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосуға техникалық шарттарда баяндалған техникалық талаптарға сәйкес есептегіш құралдар орнатылады.

Жоғары сезімталдық шегіндегі және ең жоғары дәлдік класындағы есептегіш құралдары «С» класындағы есептегіш құралдар болып табылады.

Суды коммерциялық есептеу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану, оларға сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №621 бұйрығымен бекітілген «Сумен жабдықтау мен су бұру жүйелеріндегі суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану ережелері» нормативтік құжатымен реттеледі. 

Тұтынушылардың есептегіш құралдарды орнатуы жоғарыда көрсетілген ережелерге сәйкес жүргізіледі:

1)      тұрғын үйлер (ғимараттар, пәтерлер), ғимаратқа кіреберісте жапсарлас-жанаса салынған жайлар салынған кезде бастапқы және ауыстырып қойылатын суды есепке алу аспаптары қызметтерді жеткізушінің АӨЖ-мен үйлесімді деректерді қашықтықтан беру құралдарымен жарақталады.

2)      жобаланып жатқан, салынып жатқан, кеңейтілетін, жаңғыртылатын, техникалық қайта жарақтандырылатын, реконструкцияланатын және күрделі жөнделетін ғимараттарда АӨЖ және ЭТЕАЖ элементтеріне қажетті суды есепке алу аспаптарын орнатуға жұмсалған шығындар құрылыс салушыға жүктеледі.

3)      қолданыстағы тұрғын үйлерде (ғимараттарда, пәтерлерде) бастапқы орнату, ауыстыру немесе байқауаралық интервалдардың өтуі кезінде деректерді кейін қашықтықтан беру мүмкіндігіне арналған импульстік шығу құралы бар есептегіш құралдарын орнатуға жол беріледі.

Құрылыстың нормативті мерзімдерін сақтауға қарамастан нысандар су есептегіш аспаптары мен АӨЖ және ЭТЕАЖ элементтерімен жарақталған кезде ғана пайдалануға беріледі.

Деректерді қашықтықтан беру құралдарымен жарақталған есептегіш құралдары:

-          тікелей су есептегіш аспабынан көзбен шолу жасап көрсеткіштерді алуға;

-          алпыс екі тәуліктен кем емес кезеңге суды пайдалану көлемдерінің тәуліктік мәнін мұрағаттауға;

-          судың кері ағынан белгілеуге мүмкіндік береді:

АӨЖ құралдары арқылы алынған су есептегіш аспаптарының көрсеткіштері мен бақылаушы алған су есептегіш құралдарының индикаторындағы көрсеткіштерінде айырма болған жағдайда су есептегіш аспабы индикаторының көрсеткіштері негізге алынады.

Деректерді беру функциясы (ДБФ) бар су есептегіш аспаптары жұмысының қағидасы – мәліметтерді қашықтан беру тәсілі.

Суды есептеу тораптары Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде тіркелген есептегіш аспаптарымен жарақтандырылуы қажет.

Барлық есептегіш аспаптары Қазақстан Республикасының Стандартымен белгіленген байқауаралық интервалға сәйкес аккредиттелген салыстырып тексеру зертханасында тексеріледі және тексеру туралы таңбасы немесе қолданыстағы сертификаты болуы қажет.

Су есептегіш аспаптарының қосылуы су тарату құрылғыларымен икемді қосылуларды болдырмайтын қатты болуы қажет. Есептегіш аспаптарына жалғанған жеткізуші құбырдың тіке учаскесінің ұзындығы есептегіш аспаптан 5 шартты диаметрден кем емес болуы қажет, ал бұрып жіберетіні – 3 шартты диаметрден  кем емес болуы қажет. Тікелей учаскелерде аспаптың метрологиялық сипаттарына әсер ететін факторлардың туындауына әкелетін ілмекті арматура, сүзгілер және басқа да құрылғылар болмауы қажет.

Орнатуға «С» класындағы есептегіш құралдар болып табылатын жоғары сезімталдық шегіндегі және ең жоғары дәлдік класындағы есептегіш құралдары жатады.

Тексеру мерзімі өткен есептегіш аспаптарды пайдалануға рұқсат етілмейді.