Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Жеке сектор

2022 жылдың 1 қаңтарына 32 су тарату бағаны орнатылып, жұмыс жасап тұр.

Жеке секторда 20%-ға жуық тұрғындар су тарату бағандарын пайдаланады. Көшедегі су тарату бағандары ұжымдық пайдалануға арналған.

Жеке сектор бойынша абоненттер саны – 32 271 құрайды, соның ішінде орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне қосылғаны – 30 846, су тарату бағандарын 1425 абонент қолданады.

Орталықтандырылған сумен қамтуға қосылған үйлерде жеке су есептегіш құралдарын орнату 100% құрайды.

2022 жылдың 2 қаңтарына  2020 жылдың 31 шілдесіне дейін суды су тарату бағандарынан пайдаланғаны үшін төлем құны айына 1 адамнан 44,15 теңгені құрайды.

Су тарату бағандарын ұстау тиімсіз болып табылады, осыған байланысты «Батыс су арнасы» ЖШС бірнеше жылдар бойы абоненттерді орталықтандырылған сумен қамту жүйесіне кейіннен қосу арқылы су тарату бағандарын біртіндеп демонтаждау бағытын ұстанады.

Көптеген жағдайларда техникалық шарттар кейіннен осы аталған шағын ауданда су тарату бағандарын демонтаждау мүмкін болуы үшін бір шағын ауданда орталықтандырылған сумен қамтуға үйлердің көптеген санының қосылуына бағытталған тәртіппен беріледі.

Техникалық шарттарды беруде шектеу жоқ. Негізгі талап су тарату бағанынан суды пайдаланғаны үшін бұрынғы берешегін өтеу болып табылады.