Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Тазарту технологиясы

Ағынды суды тазарту-тұрмыстық және өндірістік ағынды сулардағы ластануларды жою бойынша іс-шаралардың кешені.

Тазарту құрылыстарының қуаттылығы-50 000 м3 \тәул.

Негізгі ластағыш құрамдас бөліктер: салынды заттар, хлоридтер, фосфаттар, сульфаттар, экстрагирленген заттар, фосфор, хром, азот тобы.

Ағындардың түрі: қалалық, аралас (шаруашылық-тұрмыстық, өндірістік).

Ағынды суларды тазарту сызбасы жобаға сәйкес әзірленген.

Тазарту бірнеше сатыдан өтеді: механикалық, биологиялық, физикалық-химиялық.

1. Механикалық саты.

Биологиялық тазартуға дайындау мақсатында тазарту құрылыстарына келетін ағынды суларға алдын-ала тазарту жүргізіледі. Механикалық сатыда ерімейтін қоспалар ұстап қалынады.

Ағынды суларды механикалық тазартуға арналған құрылыстар: қабылдау камерасы, торлар, уатқыштар, құм ұстағыштар, радиалды тұндырғылар, таратушы сыйымды ыдыс, жинақтауыш, биологиялық тоғандар.

Органикалық және минералды текті ірі ластағыштарды ұстап қалу үшін торлар және күрделі дисперсті қоспаларды толық бөлу үшін електер қолданылады. Торлардан шығатын қалдықтар ұсақталады және тазарту құрылыстарының тұнбаларымен біріккен қайта өңдеуге жіберіледі немесе қатты тұрмыс және өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу орындарына әкетіледі.

Содан кейін науалар ауырлық күшінің әсерінен ұсақ бөлшектер (құм, қож, сынған әйнек және т.б.) тұнатын құм ұстағыштар арқылы, және флотация жолымен гидрофобты заттар судың бетінен жойылатын май ұстағыштар арқылы өтеді.

Осылайша тазартылған ағынды сулар салынды заттарды бөлу үшін алғашқы тұндырғыға өтеді. Сонымен бірге, тазартудың механикалық сатысы ағынды сулардың бірқалыпты қозғалысын қалыптастыру (орташалау) үшін маңызды және биологиялық сатыда науалар көлемінің ауытқуын болдырмайды.