Су өмір береді-біз су береміз!

Абоненттік келісім-шарт бөлімі 28-32-05
Апаттық-диспетчерлік қызмет 28-32-43
Өндірістік-техникалық бөлім 23-63-38
Кеңсе 23-71-60
image_2
image1
image7
image4
Тазарту технологиясы

I. Су тазарту құрылыстарының жобалық өнімділігі 30 мың м3\тәул.дейін құрайды.

Санитарлық қорғау аймағының жалпы ауданы 2,8 га құрайды.

Су тазарту құрылыстарының құрамына келесі нысандар кіреді:

  • Айналмалы типтегі қоспалауыштары бар су тартқысы.
  • Реагент цехы.
  • Сүзгілер мен тұндырғылардың блогы.
  • Хлоратор бөлмесі.
  • Хлор мен реагенттің қоймасы.
  • Таза су резервуарлары.
  • II көтерілімнің сорғы стансасы.

II. Негізгі міндеттері:

Су тазарту құрылыстарын пайдалану кезіндегі негізгі міндеттері:

  • 18.01.2012ж. №104 СанЕжН талаптарына сәйкес келетін ауыз суын өндіру, тазартудың сенімділігін, суды залалсыздандыру және тұтынушыға беруді қамтамасыз ету.
  • Су тазарту құрылыстарының тиімді, үздіксіз және сенімді жұмысын қамтамасыз ету, суды тазарту және залалсыздандырудың өзіндік құнын азайту, реагенттерді, электр қуатын, өз мұқтажына пайдаланылатын суды үнемдеу, жабдықтардың жұмыс өндірісінің жобасын уақытылы жүргізу.
  • Су тазарту құрылыстары жұмыстарын, өндіріс және су беру сапасын жүйелі зертханалық-өндірістік және технологиялық бақылау.

III. Суды реагентті тазарту.

Суды ағарту және түссіздендіру үшін оған коагуляция жасайды.

Коагуляция процесін жүзеге асыру үшін кері электр заряды бар су қоспасының агрегаттық тұрақтылығын бұзу қажет, яғни, өлшегіш бөлшегінің зарядын нөлге келтіру қажет, онда олар өзге заттар бөлшектерімен  ғана емес, бір-бірімен жабысып қалуы мүмкін.

Коагулянт ретінде олармен реакцияда оң зарядталған коллоидты бөлшектер қалыптасатын  көп валентті металдардың-күкірт қышқылды алюминий мен хлорлы темірдің тұздары қолданылады, олар сорбция мен өлшегіштің теріс зарядталған бөлшектерімен әрекет ету нәтижесінде үлпек пайда болумен және тұнбаға түсумен ірілінеді.

Коагуляцияны тездету және үлпектің тұну жылдамдығын арттыру үшін молекуласы 1 мк ұзындықта жіпті құрайтын, өлшегіштердің қатты бөлшектері  мен полимердің ұзартылған тізбесін қалыптастыратын флокулянт-полиакриламидты қолданады.

Су тазарту құрылыстарында суды залалсыздандыру үшін баллондағы сұйық хлорды пайдаланады. Хлоратор бөлмесінде ол ротаметрден өтіп, судың жіңішке ағысы бар эжекторлармен сорылып және алғашқы және екінші хлорландыру орнына берілетін хлоргазға айналады.

Суға енерде атомарлы хлор хлорлы және тұз қышқылына айналумен  гидролизацияға ұшырайды. Нәтижесінде ағза протоплазмасының құрамына кіретін заттардың тотығуының салдарынан микроағзалар, фитопланктондар мен бактериялардың  көбі жойылады.

Судың реагентті тазарту режимін, талап етілетін мөлшерін және коагулянт ерітіндісінің шоғырлануын анықтауды кесте жоспарына сәйкес тазартудың барлық сатысында су сапасына зертханалық-өндірістік бақылауды жүргізетін орталық зертхана белгілейді.

IV. Сумен жабдықтау және суды тазартудың технологиялық сызбасы

Ауыз суын өндірудің технологиялық сызбасы Жайық өзенінен су тартуды және д800 мм, сосын д600 мм екі су құбыры бойынша ЖҚО тиесілі I-көтергішті сорғы стансасына су тазарту құрылысының су тартқысына су жинауды қарастырады. Одан кейін, тазартуға жататын су оның реагенттерімен: күкірт қышқылды алюминий, хлорлы темір, полиакриламид және алғашқы хлор ерітінділерімен күрделі араласу жүретін дозаторлармен жабдықталған,  әрбіреуі 36м3 айналмалы типтегі қоспалауыштарға келіп түседі.

Полиакриламид қайтадан берілетін су қоспалауыштан әрбіреуі 44м3 тік типтегі реакцияның төрт камерасына келіп түседі. Реакция камерасы жұмысының гидравликалық режимі коагуляциялық өлшегіштің үлпегін қалыптастыру және бекіту үшін оңтайлы жағдайды қамтамасыз етеді.

Су реакция камерасынан су басқан су ағындысы арқылы онда нәтижесінде оның тұнықталуы, түссізденуі және үлпектердің тұнуы жүретін әрбіреуі 1000м3 көлемімен төрт көлденең тұндырғыға келіп түседі. Тұндырғыдағы техникалық судың жылдамдығы-3мм\сек, болу уақыты-3,7 сағ.дейін.  Тұндырғылардан кейін тұндырылған су д600 мм екі айналмалы су құбыры бойынша жалпы көлемі 190м2 құрайтын 8 жедел екі қабатты сүзгісі бар сүзгі залына келіп түседі. 

Әрбір сүзгінің түбінде фильтратты бұру және шайылма суды тарату үшін көлденең компенсациямен үлкен кедергінің дренаж жүйесі орналасқан.

Дренаждың үстінде 2мм бастап 40мм дейін фракциямен жарықшақталған тас және қиыршық тастан тұратын қабат орналасқан, оның үстінде кварц құмы мен керамзиттен тұратын сүзгі жүктеме бар. Кварц құмы мен керамзит қабаты арқылы су қозғалғанда адгезияның нәтижесінде сүзгі материалының түйірінің бетіне өлшегіш пен коллоид бөлшектері жабысады. Сүзгілерді шаю 200м3 сыйымдылығымен шаю резервуарынан кері ағынмен таза су берумен, кейін  «Металлист» зауытының кәріздік коллекторына шайылма суды бұрумен және Жайық өзеніне құйылумен жүргізіледі.

Сүзгілеуден өткізілген кейін тазартылған су жалпы коллекторда екінші рет хлорланады және екі әрбіреуі 4000м3 сыйымдылығымен таза судың резервуарына беріледі.

Таза су резервуарына келетін судың сапасы мен деңгейіне бақылау мен үздіксіз түрде тазарту және залалсыздандыру үнемі жүргізіледі.

Таза су резервуарынан ауыз су 1260м3\тәул. өнімділігімен 300 д-90 төрт сорғымен және  500м3\сағ.өнімділігімен 1д 500-65 сорғысымен жабдықталған II көтергіш сорғы стансасына келеді.

Сорғыларды жұмысқа қосу РМК-2 вакуум сорғылардың көмегімен жүргізіледі. Одан әрі су д1000мм және д500мм екі су таратқыш арқылы қалалық желілерге беріледі.